«Сазген сазы» шетелді тамсандырды

«Сазген сазы» шетелді тамсандырды
378

23 қазанда Қазақстан Республикасының мәдени мұрасын әспеттеп, шетел­дегі қандастармен рухани байланысты нығайту мақсатында Аустрия астанасы Венада «Сазген Сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің керемет кон­церті өтті. Концертке 150-ге жуық көрермен жиналып, қазақ хал­қының сан ғасырлық музыкалық мұрасы мен баға жетпес рухани байлығына куә болды.

Концерттің ашылу салтанатында Қа­зақ­­стан Республикасының Аустрия Рес­пуб­ликасындағы Төтенше және Өкілетті Ел­шісі, Қазақстанның Венадағы Халық­ара­лық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұх­тар Бескенұлы Тілеуберді мен Аустр­ия­­ның Сыртқы және Еуропалық істер мин­истр­лігінің департамент ди­ректоры, елші Герхард Зайллер сөз сөйлеп, екі ел ара­сын­дағы мәдениетаралық диалог­тың маң­ыз­­ды екенін ерекше атап өтті. Олар осын­дай шара­лар арқылы Қазақстан мен Аустрия ара­сындағы мәдени байланыстар­дың терең­дей түсетінін айтып, концертті жоғары ба­ға­ла­ды.
Ансамбль көрермендерді бір сәтке қазақ­тың ұлан-ғайыр даласына жетелеп, ұлттық аспаптардың қайталанбас үнімен ұмытыл­мас әсер қалдырды. Домбыраның күмбірле­ген дауысы жүректен жүрекке жетіп, қобыз­дың аңыраған үнінде көне заманның те-
р­­ең­­дігі сезілді. Сазсырнайдың нәзік әуезі мен жетігеннің сыршыл дыбысы көрермен­дерді табиғатпен үндескен қазақ музыкасы­ның сиқырлы әлеміне бойлатты. Қазақтың күйі мен әні Еуропа классикасының эле­мент­тері­мен үйлесіп, тыңдаушыларды ру­хани биік­терге жетеледі. Көркем де нәзік орындау стилі мен әртістердің шеберлігі көрермен­дерді таңғалдырып, залды ерекше эмоцияға бөледі.
Шараның көркін келтірген ерекше сәт­тердің бірі Мажарстаннан арнайы келген қазақ мәдени орталығының өкілі Оңайша Мандокидің қатысуы болды. Ол қазақтың ұлт­тық музыкасына терең сүйіспеншілігін біл­діріп, көрермендерді Республика күні­мен құттықтап, ата-бабаларымыздың руха­ни мұрасына ерен сағынышын жеткізді.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Бағдат Тілегенов сахнада сөз алып, Қазақ­стан­ның музыкалық мұрасын әлемге таны­ту жолын­дағы ансамбльдің миссиясы мен болашақ жос­парларын баяндады. Ол мұндай мәдени іс-шаралардың шетелдегі қандастарымыз үшін рухани демеу бола­ты­н­ын және ұлттық мәдениетімізді әлемдік дең­гейде дәріптеуге қосатын үлесін атап өтті.
Кеш соңында көрермендер ұзақ қол шапа­лақтап, ансамбльдің өнеріне шынайы алғыс білдірді. Тыңдаушылар ансам­бль­дің шеберлігіне тәнті болып, ұлттық өнерге деген ерекше ықыласын жеткізді.

Ә.Тілеужанқызы
 

Серіктес жаңалықтары