«Үлкен енем қалдырып кеткен»: Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен бірге ауылға аттанды

Әлемнің әдемі елдерін шарлап шыққан белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ауыл аралап жүр.

«Үлкен енем қалдырып кеткен»: Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен бірге ауылға аттанды
сурет ашық дереккөзден алынды
5560

Қайрат Нұртастың жұбайы бұл жолы балаларымен бірге рухани сапар жасауға бел буған, деп жазды turkystan.kz.

«Бұл сапар рухани болмақ. Балаларымды елге апарып, ата-баба әруағына құран бағыштау біраздан бері ойда жүрген еді. Тегін, түбін түсіндіру, ізет көрсету деген ниет. Әсіресе Нарұлым өскен сайын көп нәрсені білгісі келеді. Бірде: «Анашым, менің атамның әкесі қандай адам болған? Немен айналысқан? Қай ауылда, қай үйде тұрған? Неше бауыры болған? деген сарында сұрақтың астына алды. Сонда ұлыма берген уәдем бар. Басына барып, құран оқисың балам. Ата-баба жайында ауылдағы ағайынның өзінен естисің, сенің бабаларың өз ауылында ел билеп, айналасына пана болған жандар. Расында солай еді. Мен келін болып түскенде, басыма жабылған ақ орамалды үлкен енем қалдырып кеткен екен. Сезімді көрсем деген арманы болған әжеміздің басына да бардық. Балаларға үлкен ата-әжеміздің тұрған үйін көрсеттік. Алауымды босанып келгенімде, қасымда қырық күн болып, қызымды бесікке салып, көмегін аямай, көпті үйреткен енемнің анасының басына да барсақ дейміз», - деп жазды актриса әлеуметтік желідегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары