166
Жетісу облысында есірткі зертханасын құрғаны үшін екі азамат сотталды
Жетісу облысы прокуратурасы мен ҰҚК департаменті синтетикалық есірткі өндіретін астыртын зертхананың жолын кесті.
Атап айқанда, П және Т. атты екі азамат қылмыстық келісімге келе отырып, синтетикалық есірткі өндіру және сату үшін Текелі қаласынан үй жалдаған.
Есірткі зертханасын тінту кезінде 21 кг психотроптық заттар мен зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді (есірткізаттарды орау үшін электронды таразылар, пакеттер, фольга, изолента және т.б.).
Сот үкімімен екеуі де 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.