Жамбыл ауданында жол апатынан екі адам қаза тапты

ЖКО фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғалды.

Жамбыл ауданында жол апатынан екі адам қаза тапты
сурет ашық дереккөзден алынды
259

Жамбыл ауданынан өтетін Алматы-Бішкек республикалық трассасының 115 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Toyota Previa жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Sinotruk HOWO жүк көлігімен соқтығысуға жол берді.

Жол апатының салдарынан Toyota Previa жүргізушісі мен оның жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. ЖКО фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Полиция жүргізушілерді жол қауіпсіздігі талаптарын, ҚР Жол қозғалысы ережелерін, әсіресе жылдамдық режимі мен маневр жасау ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

Серіктес жаңалықтары