632
«Күйеуім жайлы»: Дина Төлепберген авторлық кітап жазды
Журналист эклюзивті ақпаратпен бөлісті.
Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген алғашқы авторлық кітабын жарыққа шығармақ, деп хабарлады turkystan.kz.
Журналисттің сөзінше, авторлық туынды жақында жарық көреді. Кітапта Дина Төлепберген күйеуі жайлы тың ақпарат пен бірге түскен эксклюзив фотоларды да қосқан.
«Бұйырса жарыққа шықпақ. Көз майымды тауысып жазған туындым өткеніме сапар шеккізіп, табаным тиген іздерді қайда іздеуге мүмкіндік берді. Эфирдегі, желідегі өмірден мүлде басқа Динамен кітап арқылы танысасыз… Айтпақшы, күйеуім жайлы тың ақпарат пен бірге түскен эксклюзив фотоларды да кітапқа қостым! Жақында жарияланған уақытта сүйінші сұраймын, дайынсыздар ма?», - деді Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында.