Анаболиктер мен стереоидтерді Қазақстаннан шетелге жеткізбек болғандар ұсталды

Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасы Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ірі көлемдегі ауыр препараттарды заңсыз өткізу фактісін анықтады.

Анаболиктер мен стереоидтерді Қазақстаннан шетелге жеткізбек болғандар ұсталды
istockphoto.com
Автор
Админ
149

Бір топ адам алдын-ала сөз байласып, витаминдер түрімен жасырылған, құрамында адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттар бар анаболиктерді, стероидтерді Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелткені анықталды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдастырушылар препараттарды сақтап, буып-түюмен айналысқан мекенжайы табылды. 

206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар табылып, тәркіленді.

 Аталған азаматтар ұсталып, оларға қатысты сот «үй қамағына алу» бұлтартпау  шарасын қолданды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары