Аружан Сағындықова Мысырдағы турнирдің ширак финалына шықты

Ол ресейлік қарсыласынан басым түсті.

Аружан Сағындықова Мысырдағы турнирдің ширак финалына шықты
257

Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Аружан Сағындықова Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz порталы prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік рейтингіде 1 040-орында тұрған қазақстандық теннисші бастапқы кездесуінде әлемнің 656-ыншы, осы жарыстың 5-ракеткасы, ресейлік Алиса Кюммельдің меселін қайырды.

Екі сағат 12 минутқа созылған тартысты матчта Аружан камбэк жасап, қарсыласын 1:6, 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Бүгін А.Сағындықова германиялық Ясмин Вагнердің мысын басты - 6:3, 6:3. Бұл кездесу бір сағат 38 минутқа созылды.

Енді Сағындықова жартылай финалға шығу үшін оңтүстіккореялық Эюнхай Лимен таласады.

Серіктес жаңалықтары