Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Қызылордада кей уақытта тұман түседі

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Фото: depositphotos.com
291

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, Астанада 1 қарашада түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбеде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.

Атырауда жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-20 м/с.

1 қарашада Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.

Көкшетауда солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

1 қарашада түнде Павлодар облысының батысында, орталығында тұман түсіп, облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.

Қызылорда облысының орталығында тұман түсед. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с.

Қызылордада кей уақытта тұман түседі.

1 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағандыда 1 қарашада көктайғақ болады.

1 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

1-3 қарашада түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. 1-3 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс, оңтүстікке ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, 2 қарашада облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Таразда 2 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

1 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

Петропавлда 1 қарашада күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с.

1 қарашада түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түселді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанайда 1 қарашада түнде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

1 қараша түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Оралда 1 қараша түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жылдамдығы 15-20 м/с.

1 қарашада түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с.

1 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жылдамдығы15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары