Жас гимнасшылар байқауы

Жас гимнасшылар байқауы
353

Елордада 31 қазан мен 2 қараша аралығында көр­кем гимнастикадан ашық чемпионат өтеді. Бұл жарыс – та­лантты гимнасшыларымыздың өнерін паш етіп, ше­бер­ліктерін сынайтын маңызды шара. Чем­пио­натқа еліміздің үздік спортшылары қатысып, өз мүм­кін­діктерін көрсету үшін жарысқа түседі. 

Елорда төрінде көркем гимнастикадан өтіп жатқан ашық чем­­пионатқа 320 гимнасшы қатысуда. Ең кішкентай қатысу­шы­ның жасы – 9-да. 
Чемпионаттың басты мақсаты – 2025 жылғы халықаралық бә­секелерге қатысатын үздік гимнасшыларды іріктеу. Аталған жа­рысқа еліміздің барлық  аймағынан спортшылар келіп қаты­сып жатыр. 
Астана қаласының аға бапкері Әсел Мұстафинаның айтуын­ша, алдағы Қазақстан чемпионаты ақпан айында жастар ара­сын­да өтеді, арнайы құрам жасақталады. 
Жарыста 2015 жылға дейінгі спорт шеберлігіне үміткер, сон­дай-ақ түрлі разряды бар гимнасшылар сынға түсуде. Чем­пионат көркем гимнастиканың дамуына үлкен үлес қосып, жас спортшылардың шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді.
 

Серіктес жаңалықтары