Ертең күн қатты суытады

Синоптиктер 2-3-4 қарашаға арналған ауа-райы болжамын ұсынды.

Ертең күн қатты суытады
istockphoto.com
Автор
Админ
27154

Тұрақсыз атмосфералық қысым салдарынан алдағы үш күнде Қазақстан аумағында ауа-райы салқындайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңбыр мен қар жауады. Тек республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында ғана ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Батыста, солтүстік-батыста тұмен түседі. Оңтүстік өңірлерде, солтүстік пен орталықта жел күшейіп, көктайғақ болады.

«Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте 0-7 градусқа дейін аяз болады», - делінген хабарламада.

Қарашада ауа-райы бір жылып, бір суытады. Республиканың басым аумағында қар жауады. Қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Жел күшейіп, боран, көктайғақ болады.

 

Серіктес жаңалықтары