Адамдар 20 жылда ақымақ бола бастайды – болжам

Адамдар 20 жылда ақымақ бола бастайды – болжам
сурет: istockphoto.com
865

Адамдар 20 жылда нейрожелілердің әсерінен ақымақ бола бастайды.

Адамдардың өздігінен ойлау және жазу қабілеті алдағы 20 жылда сирек кездесетін құбылысқа айналып, элитаға тән қасиет болып қалуы мүмкін. Бұл – әйгілі Y Combinator стартап акселераторының негізін қалаушысы Пол Грэмнің болжамы.

Грэм – жай ғана футурист емес: оның акселераторы Airbnb, Reddit және Stripe секілді алып компаниялардың дамуына ықпал етті, ал технологиялар туралы жазған эсселері стартаперлердің басты оқулықтары саналады.

Грэмнің пікірінше, адамдар нейрожелілерге сенім артып, ойлау қабілеттерін жоғалтады. Ал терең ойлау қабілеті тек жазу арқылы дамитынын ескерсек, болашақта әлем «ойлайтындарға» және басқалардың ойларын тұтынатындарға бөлінуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары