Қонаққа барған: әйел адам үй иесінің қолынан қаза тапты

Оқыс оқиға қаладағы пәтерлердің бірінде болған

Қонаққа барған: әйел адам үй иесінің қолынан қаза тапты
Primeminster.kz
1135

Павлодарда танысының үйіне қонаққа барған әйел адам үй иесінің қолынан қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz Астана арнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға қаладағы пәтерлердің бірінде болған. Танысы оларды қонаққа шақырған. Кешкі ас кезінде өзара сөзге келіп қалып, қонақ үй иесін ұрған. Алайда кегін қайтарғысы келген үй иесі әйелді жазым етіпті. Ал қонаққа келген ер адам ауруханадан бірақ шықты. Қазір оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. 

«Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз», - деді Павлодар облыстық ПД ресми өкілі Жанна Біләлова.

Серіктес жаңалықтары