Мектеп директорының оқушыларды ұрып жатқан видеосы тарады

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің мәліметінше, оқиға Әндіжан облысы Алтынкөл ауданындағы №38 мектепте болған

Мектеп директорының оқушыларды ұрып жатқан видеосы тарады
Видеодан алынған кадр
616

Өзбекстанда мектеп директоры сыныпта жарылғыш зат жарғаны үшін оқушыларды соққыға жыққан, деп хабарлады turkystan.kz nova24.uz-ге сілтеме жасап.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің мәліметінше, оқиға Әндіжан облысы Алтынкөл ауданындағы №38 мектепте болған.

Желіде директордың мектеп оқушыларына ұрысып, оларды ұрып жатқан видеосы тарап кетті.

Білім бөлімі мен аудандық ішкі істер бөлімінен құрылған жұмыс тобы мән-жайды анықтап жатыр. Ресми бөлімдер зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол берілмейтінін және мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын еске салды.

Серіктес жаңалықтары