СОБР қызметкерлері көшеде жүр: Ақтау тұрғындары жолды жауып тастаған

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, бұл оқиғаға облыстағы барлық үйлерге бірдей жылу берілмеуі себеп болып отыр

СОБР қызметкерлері көшеде жүр: Ақтау тұрғындары жолды жауып тастаған
Видеодан алынған кадр
508

Ақтауда «Ақбұлақ» тұрғын үй кешенінің ондаған тұрғыны жол жиегіне шықты. Оқиға орнына полицейлер мен жедел әрекет ету арнайы бөлімшесінің (СОбР) сарбаздары барды, деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларға қарағанда, ақтаулықтар 35-шағынаудандағы жол бойында көлік қозғалысын бөгеп тастаған. Тәртіп сақшылары жиналған халықпен келіссөздер жүргізуде. СОБР қызметкерлері де сол жерде жүрген.

Маңғыстау облысының полиция департаменті қызметкерлердің қоғамдық тәртіпті сақтауға жіберілгенін хабарлады. Бұл мәселе бойынша әкімдік түсініктеме беруі керек.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, бұл оқиғаға облыстағы барлық үйлерге бірдей жылу берілмеуі себеп болып отыр.

Серіктес жаңалықтары