424
«Бұл – менің саналы шешімім»: ұлты кәріс азамат есімін қазақшаға өзгертті
Влад Мун атты азамат осылайша, Болат Мун болып өзгерді
Желіде ұлты кәріс Влад деген ер адамның есімін Болат деп өзгерткені туралы видео тарады.
Мен неге Влад деген есімімді Болат деп өзгерттім? Осы арқылы өткен ғасырдың отызыншы жылдары кәрістерге аман қалуға көмектескен қазақ халқына ризашылығымды білдіргім келді, – дейді ол.
Влад Мун атты азамат осылайша, Болат Мун болып өзгерді. Ол тағы бір видеода "ешкімге ештеңе дәлдеуге міндетті емеспін, бұл менің саналы шешімім" дейді.