383
Түркістан тұрғыны бірге тұрған адамды пышақтап өлтірген
Ол қаладағы коммуналдық кәсіпорындардың бірінің қызметкері болған
Түркістанда әйел бірге тұрған адамды пышақтап өлтірген. Жанжал екеуі ішімдік ішіп отырған кезде туындаған.
Massaget.kz мәліметінше, төтенше жағдай кеше Түркістандағы жеке сектордағы үйлердің бірінде болды. Онда 48 жастағы әйел 52 жастағы серіктесін пышақтап өлтірген. Олар бірге ішімдік ішкен.
Ер адам алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Ол қаладағы коммуналдық кәсіпорындардың бірінің қызметкері болған. Алайда әйел жұмыс істемеген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында, сот күнін күтіп отыр.