178
Шымкентте есірткі жарнамалаған 18 телеграм канал бұғатталды
Шымкент қаласы прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректерін анықтады.
Белгісіз тұлғалардың есірткі, психотроптық заттарды насихаттап, жарнамалайтын, сататын телеграм каналдары бұғатталды.
Анықталған 18 телеграм канал «Кибернадзор» жүйесі арқылы бұғатталған.
Қала прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра бермек.