Қазақ-корей сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ басшысы Корея Республикасына ресми сапармен келді

Қазақ-корей сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды
178

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Корея Республикасына ресми сапармен келді. Сапар шеңберінде ол ел басшылығымен кездеседі және Сыртқы істер министрі Чо Тхе Ёльмен келіссөздер өткізеді, сондай-ақ «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумына қатысады.

Сапардың бірінші күні қазақ-корей сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мақсатында ҚР СІМ басшысы Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді. «Hyundae Hospital» компаниясының басшылығымен кездесуде Алматы облысында 200 орындық көп бейінді аурухана салу жобасы талқыланды, оны қазақстандық «Шин-Лайн» компаниясымен бірлесіп іске асыру жоспарлануда.

М. Нұртілеу бұл жобаның Қазақстанның әлеуметтік саласы үшін маңыздылығына назар аударып, аурухана құрылысы корей моделі бойынша медициналық қызметтер жүйесін жақсартатынын және озық технологияларды қолдануды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары