«Telegram-да тапсырма берген»: Екі жасөспірім суицид жасамақ болған

Қазіргі уақытта «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы осы топтарға кіру бұғатталған.

«Telegram-да тапсырма берген»: Екі жасөспірім суицид жасамақ болған
сурет ашық дереккөзден алынды
275

Солтүстік Қазақстан облысында екі жасөспірім Telegram арқылы «аниме» жанрында өз-өзіне қол жұмсау бойынша тапсырмаларды орындаған, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық прокуратура заңды өкілдермен сәйкес профилактикалық жұмыс жүргізілгенін, балаларға психологиялық көмек көрсетілгенін және уәкілетті органдар оларды бақылауға алғанын айтты.

«Осы мессенджерде балалар суицидін тікелей насихаттайтын 8-ден астам заңсыз контент анықталды. Қазіргі уақытта «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы осы топтарға кіру бұғатталған.

Уәкілетті органдар мен психологиялық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру үшін прокуратураның бастамасымен аталған мәселе бойынша практикалық іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, осы жылдың қазан айында облыс әкімдігінің алаңында ауқымды практикалық семинар өткізілді, онда облыстың білім беру мекемелерінің директорлары мен психологтарына суицидке бейім балаларды, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде анықтау бойынша жаңа ғылыми әдістемелер мен алгоритмдер жеткізілді», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары