«Ескертемін!»: Жұлдыз Әбдікәрімова желіде өзіне шабуыл жасағанын айтты
Сондай-ақ ол лауазымды, билік басындағы адамдардың араласуы өзін тоқтатпайтынын айтып, қатаң ескерту жасады.
Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желі арқылы өзіне шабуыл жасап жатқанын мәлімдеді.
Оның сөзінше, жеке парақшасына хакерлер шабуыл жасаған.
«Кеше Түркістаннан Алматыға ұшаққа отырғанда бәрі тыныш еді. Бір жарым сағат әуеде интернет болмайтыны түсінікті. Жерге қонған бойда хабарлама келді: «10 аккаунттан шағым түсіріліп, сіздің инста-парақшаңыз бұғатталды» деген. Мен шұғыл командама хабарласып, парақшаны қайтаруды тапсырдым. Бұл біз үшін қиын емес. Бұған дейін маған анонимді түрде талай шабуылдар жасалған. Әсіресе соңғы уақытта», – деп жазды актриса.
Сондай-ақ ол лауазымды, билік басындағы адамдардың араласуы өзін тоқтатпайтынын айтып, қатаң ескерту жасады.
«Ескертемін! Мұндай әрекетпен мені қорқыта алмайсыздар! Инстаграмнан басқа YouTube, Facebook, TikTok, Telegram, одан қалса, ресми БАҚ, телеарналар мен сайт басылымдары бар екенін ұмытпағайсыздар. Осыдан кейін екінші парақша ашамын деп шештім. Барлығын алдағы уақытта хабарлаймын. Ал сот мәселесіне келсек, соңына дейін баратынымды қайталап айтамын. Ешқандай лауазымды, билік басындағы адамдардың араласуы мені тоқтатпайды! Сондай-ақ бірінші, екінші отырыста қаралмаған дәлелдер үшін де жауап талап етемін!», – деп мәлімдеді желі жұлдызы.