364
Маска киген жігіт жалғызбасты әкеге үй сыйлап, қарызын жауып берді
Маска таққан белгісіз жігіт тағы бір адамға қайырымдылық жасады.
Ол бұл жолы жалғызбасты әкеге көмектесті. Ер адам әйелінің еміне қанша қарыз алып, аман алып қалуға тырысқанымен қолынан келмегенін айтып, көзіне жас алды.
Бүгінде кәмелет жасқа толмаған екі баласы тігін шеберханасында жұмыс істеп жүр. Ал өзі lll топ мүгедегі болғанына қарамастан қоқыс жинап, напақасын тауып жүр.
«Дәрігерлер әйелімнің екі төсін де алып тастады. Ота жасалды. Мен қарызға баттым. Әйелімді ажалдан арашалай алмадым. Оны қатты жақсы көргенімді енді түсініп жатырмын. Олсыз үйіміз қаңырап қалды», – дейді жалғызбасты әке.