«Көңіліме қаяу түскелі 2 жыл»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды

Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін көзіне жас алып еске алды.

«Көңіліме қаяу түскелі 2 жыл»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды
сурет ашық дереккөзден алынды
700

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлттанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаевтың қайтыс болғанына 2 жыл болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін тебірене еске алып, әлеуметтік желіде жазба арнады. Журналисттің сөзінше, уақыт өте қазаға адамның еті үйренгенімен эмоция ұстау қиын екен.

Ләйлә Сұлтанқызының үйіндегі көмекші тәтесі Қайрат Беркінбаевты өте қонақжай адам ретінде есіне алды.

«Алланың алдында дәрменсіздігімізді мойындағанымыздың арқасында сынаққа сынбай, жер басып жүргендейміз. Көңіліме қаяу түскелі тура 2 жыл. Балаларымыздың алдында жылап, әлсіздігімді көрсете бермеймін, көрсеткім де келмейді… Бірақ осы уақытқа дейін іштей біраз дүниені түсіндім. Бүгін Қайрекеме құран бағыштап, ниет етіп жатырмыз», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

 

Серіктес жаңалықтары