Республикалық маңызы бар жолдарға көлікпен шығуға шектеу қойылды

Жолды 2024 жылғы 7 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Республикалық маңызы бар жолдарға көлікпен шығуға шектеу қойылды
сурет ашық дереккөзден алынды
250

Қазақстанның екі облысында ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

6 қарашада сағат 19:00-де Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолының 965-1153 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылынан М-32 және А-26 жол айырығына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

19:30-да Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 259-389 шақырым аралығында (Шалқар қаласынан М-32 және А-26 жол айырығына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

20:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Көкшетау-Атбасар» автожолының 47-184 шақырым аралығында (Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда. Жолды 2024 жылғы 7 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

21:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуынаЖолды 2024 жылғы 7 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған. байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» автожолының 18-232 шақырым аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда.

Жолды 2024 жылғы 7 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары