«Күміс тойымыз құтты болсын»: Есен Елеукен отбасы туралы жазба жариялады

Сондай-ақ ол қазіргі жеткен деңгейі отбасының арқасы екенін атап өтті.

«Күміс тойымыз құтты болсын»: Есен Елеукен отбасы туралы жазба жариялады
instagram/eseneleuken_resmi
380

Танымал «Жайдарман» жобасының бұрынғы басшысы Есен Елеукен алғаш рет көпшілікке отбасын көрсетіп, желіде әсерлі жазба арнады.

Есен Елеукен келіншегімен биыл күміс тойын тойлап жатқанын мәлім етті. Сондай-ақ ол қазіргі жеткен деңгейі отбасының арқасы екенін атап өтті.

«Күні кеше ғана сияқты еді. Ширек ғасыр өте шығыпты. Осы деңгейде жүргенім отбасымның арқасы. Әрқашан тек қолдау көрсетіп, түсіністік танытты. Сүйікті жұмысыммен айналысуыма кедергі келтірмей, керісінше ақылшы болып, демеу берді. Қос қарлығашымның тәрбиесі осы жанның мойнында. Бар болғаныңа рақмет! Күміс тойымыз құтты болсын», - деп жазды Есен Елеукен.

Серіктес жаңалықтары