Алексей Ни өмір бойына бапкерліктен шеттетілді

Мұндай шешімді Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен 2017 жылы құрылған Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік (ITA) қабылдаған.

Алексей Ни өмір бойына бапкерліктен шеттетілді
Olympic.kz
334

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ниге қатысты түпкілікті шешім қабылданды. Ол енді өмірінің соңына дейін жаттықтырушы бола алмайды.

Мұндай шешімді Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен 2017 жылы құрылған Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік (ITA) қабылдаған. Нидің мұндай жаза алуына Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Ниджат Рахимовтің допингпен ұсталуы себеп болды. ITA шешімі түпкілікті қабылданды.

Ал құрамада аға бапкер болған оның бауыры Виктор төрт жылға спорттан шеттетілмек.

Серіктес жаңалықтары