Максим Самородов еуропалық клуб сапына ауысуы мүмкін

Максим Самородов еуропалық клуб сапына ауысуы мүмкін
"Ахмат" ФК
421

Аустриялық «Штурм» клубы футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовқа қызығушылық танытып жүр, деп хабарлайды turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

22 жастағы қазақстандық футболшы былтыр тамызда ресейлік «Ахмат» клубы құрамына ауысқан болатын. Онда өткізген 12 ойында ол 1 гол салып, 2 нәтижелі пасс берді.

Аустриялық клуб Максим Ресей чемпионатына ауыспас бұрын да оның бұрынғы клубы «Ақтөбе» мамандарына 400 мың еуро ұсынған болатын, алайда ақтөбеліктер ол ұсыныстан бас тартқан-тын.

Айта кетейік, «Штурм» – Аустрияның 3 дүркін жеңімпазы әрі қазіргі чемпионы. Сонымен қатар, клуб Аустрия кубогінде 7 рет жеңіске жеткен.

Серіктес жаңалықтары