Жанна Үмітқұлова арбадағы теннистен халықаралық турнирдің финалисі атанды

Қысқа мерзімде Қазақстан құрамасы жасақталып, олар ел намысын қорғауда.

Жанна Үмітқұлова арбадағы теннистен халықаралық турнирдің финалисі атанды
Сурет: ҚТФ
297

Грекияның Месин қаласында арбадағы теннистен ITF Wheelchair Tennis Tour турнирі мәресіне жетті, деп жазды turkystan.kz.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Ақтөбелік Жанна Үмітқұлова өз спорттық жолында жұптық сында алғаш рет осындай деңгейдегі жарыстың финалына дейін жетті.

Қазақстандық спортшы латвиялық, әлемнің 66-ракеткасы Диана Никифоровамен бірге чемпиондық атақ үшін соңғы бәсекеде ғана болгариялық Зоя Чавдарова — румыниялық Кристина Деакқа жол берді — 2:6, 3:6.

Биылғы наурызда Паттайяда (Таиланд) арбадағы теннистен BNP PARIBAS WORLD TEAM CUP командалық әлем чемпионатының Азия аймағы бойынша іріктеу кезеңі өткен болатын. Іріктеу сайысына алғаш рет Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары қатысып, бақ сынады.

Қазақстан теннис федерациясы 2022 жылдан бері елімізде арбадағы теннисті дамытуға күш салып келеді. Қысқа мерзімде Қазақстан құрамасы жасақталып, олар ел намысын қорғауда.

Серіктес жаңалықтары