314
Оралдағы Шаған өзенінен балықшы өлі табылды
Мәйіт сараптамаға жіберілді. Оның денесінде зорлық белгілері табылмаған.
1 қарашада Шаған өзенінің жағасындағы Жас натуралистер станциясы маңындағы судан 21 жастағы жігіттің денесі табылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан полиция департаменті мәлімдеді.
Мәйіт сараптамаға жіберілді. Оның денесінде зорлық белгілері табылмаған.
«Оның балық аулағаны анықталды. Полиция департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, аса сақ болуды ескертеді», – деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.