Гайана үкіметі мұнай өндірісінен түскен қаражатты халыққа таратпақ

Гайана үкіметі мұнай өндірісінен түскен қаражатты халыққа таратпақ
сурет: Гайана президенті Ирфан Али / Photo: AFP/SCANPIX
447

Гайана үкіметі үкіметі мұнай өндірісінен түскен қаражаттан халыққа үлес таратпақ. Бұл туралы Guardian жазды

Гайана үкіметі елдегі мұнай өндірісінен түскен қомақты қаржыны халыққа үлестіру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде, 18 жастан асқан әрбір азамат, оның ішінде шетелде тұратындар да, 100,000 Гайана долларын (шамамен 235 мың теңге) ала алады. Шетелде тұрақты тұратын азаматтар бұл төлемді алу үшін Гайанаға келіп, жарамды төлқұжат немесе жеке куәлік көрсетуі қажет.

Алғашында әр үй шаруашылығына 200,000 Гайана доллары мөлшерінде төлем беру жоспарланған болатын. Алайда, кейбір азаматтардың, әсіресе өз отбасын әлі құрмаған жастардың, бұл төлемнен тыс қалу қаупі бар екені анықталғаннан кейін төлем жүйесі өзгертілді.

Жаңа жүйені таныстыра отырып, Гайана президенті Ирфан Али: «Өткен аптада мыңдаған Гайана азаматтары менімен және министрлер кабинетінің мүшелерімен байланысып, өткен бейсенбіде жарияланған шараларға оң пікір білдірді… Көптеген азаматтар бұл маңызды көмектің жүзеге асырылуы кезінде күрделіліктер туындауы мүмкін екенін және кейбіреулердің төлемнен тыс қалу қаупі бар екенін айтып, алаңдаушылық білдірді, – деді.

Оппозиция бұл төлемді тұрақты ету туралы ұсыныс жасады, себебі мұнай кірістері елге тұрақты түрде түсіп отырады.

Серіктес жаңалықтары