325
«Аямайтын жандар бар»: Бишімбаев ісіндегі прокурор Аналар форумында сөз сөйледі
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар форумы өтті.
Бишімбаев ісінде мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова әлеуметтік желіде өзі қатысқан форум жайлы ойын ортаға салды, деп жазды turkystan.kz.
«Мен бүгін, үлкен бір іс-шараға қатыстым. Ол – Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар форумы. Көп нәрсені өзіме түйіп қойдым, іштей риза болдым. Біздің мемлекетте қоғамдық жұмыс жасап, жақсылығын аямайтын жандар бар екен. Бүгін менің соған көзім жетті. Сөздеріне істері сай адамдармен таныстым, тек сәттілік тілеймін алдағы өмірде! Күшім жеткенше мен де жанымдағыларға пайдалы болуға тырысамын. Иә, дұрыс, тәртіпті өзімізден бастайқ...», – деп жазды Айжан Аймағанова.