Петропавлда адам өлтірген екі жасөспірім 12 жылға сотталды

Қылмыскерлер кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған мекемеде жазасын өтейді

Петропавлда адам өлтірген екі жасөспірім 12 жылға сотталды
istockphoto.com
162

Петропавлда кісі өлтірді деп айыпталған жасөспірімдер Максим Ивановский мен Евгений Баширов 12 жылға сотталды.

Олар Мағжан Жұмабаев ауданындағы Медвежка ауылында адам өлтіріп, марқұмның 150 мың теңгесін алып кеткен. Көп ұзамай полицейлер күдікке ілінгендерді ұстап, қылмыстық іс қозғады. Алайда алқабилердің соты оларды ақтап шыққан.

Ізінше жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспей, аппеляцияға берген. Арада бірнеше ай өткен соң, жаңадан қаралған істің нәтижесінде айыпталушылар кінәлі деп танылды. Қылмыскерлер кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған мекемеде жазасын өтейді. 

Серіктес жаңалықтары