193
Ақтөбеде екі айда жол ережесін 308 рет бұзған жүргізуші ұсталды
Айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 11,5 миллион теңгені құрады
Ақтөбеде екі айда жол ережесін 308 рет бұзған жүргізуші ұсталды.
Polisia.kz мәліметінше, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Қорғау" жүйесінің көмегімен шетелдік нөмірі бар ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 35 жастағы жергілікті тұрғынның қала көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты асырғанын анықтады.
Айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 11,5 миллион теңгені құрады.
Көлік арнайы тұраққа қойылды.