207
Павлодарда көлік пен «КамАЗ» соқтығысып, бір адам қаза болды
Полиция қызметкерлері балаларды тасымалдау ережелерін қатаң сақтауды еске салады
Павлодар облысында жан түршігерлік жол апаты болды, деп хабарлады өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 8 қараша күні түнде Қызылорда – Павлодар тасжолында, Ақсу қаласына қарасты Қалқаман ауылының маңында болған.
«8 қарашада түнгі уақытта Nissan Qashqai көлігінің жүргізушісі Қызылорда – Павлодар тасжолында сағатына 160 км жылдамдықпен қозғалып, көмір тиелген тіркемесі бар «КамАЗ»-ға соғылды. Жол-көлік оқиғасынан Nissan көлігінің жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жүргізуші мен олардың кәмелетке толмаған баласы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері балаларды тасымалдау ережелерін қатаң сақтауды еске салады.