Бүгін ауа райы қандай болады?

10 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?
istockphoto.com
179

«Қазгидромет» қарашаның 10-ы күнгі ауа  райы болжамын жариялады.

Қостанайда түнде бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Көкшетауда бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болып, түнде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Петропавлда бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағандыда кей уақытта қар жаып, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Семейде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Өскеменде  жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 17-22 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, түнде шығысында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Павлодарда қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Серіктес жаңалықтары