Семейде жоғалып кеткен үш жасар бала аман-есен табылды

Полиция қызметкерлері 3 жасар баланың жоғалғаны туралы хабар келіп түскеннен кейін, оны бар болғаны бір сағат ішінде тауып алды

Семейде жоғалып кеткен үш жасар бала аман-есен табылды
Абай облысы ПД баспасөз қызмет
211

Семейде жоғалып кеткен үш жасар бала аман-есен табылды. Бұл туралы Абай облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полиция қызметкерлері 3 жасар баланың жоғалғаны туралы хабар келіп түскеннен кейін, оны бар болғаны бір сағат ішінде тауып алды.

«Полиция аға лейтенанттары Серікбосын Ермек және Айтқазы Аділ жедел және үйлесімді әрекет етіп, баланы қысқа уақыт ішінде табуға және ата-анасына қайтаруға мүмкіндік жасады. Олардың кәсіби әрекеттерінің арқасында бала аман-есен табылып, денсаулығына ешқандай зиян келмеді. Ата-анасы тәртіп сақшыларына олардың жылдамдығы мен кәсібилігі үшін алғыс білдіріп, әрбір минуттың маңызды болған осындай алаңдатарлық жағдайда, полицейлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында қайғылы оқиғадан аман қалғандарын атап өтті», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары