Қолайсыз ауа райы кезінде жоғалып кеткен қазақстандық 5 күннен бері іздестіріліп жатыр

5 қарашадан бастап іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қолайсыз ауа райы кезінде жоғалып кеткен қазақстандық 5 күннен бері іздестіріліп жатыр
Қарағанды облысы ТДЖ
232

Қостанай облысында қолайсыз ауа райында мал іздеуге аттанған ауыл тұрғыны жоғалып кетті.

Tengrinews.kz мәліметінше, ер адам бесінші күн іздестіріліп жатыр.

"Қарабалық ауданы Славянка ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде 1987 жылы туған ер адам мал іздеп, байланысқа шығуды тоқтатты. Уайымдаған жұмыс беруші полициядан көмек сұрады", - деп хабарлады ТЖД.

5 қарашадан бастап іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, құтқарушылар, полиция қызметкерлері, Шекара қызметі, еріктілер, сондай-ақ кинологиялық есеп және пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары