517
«Төлеп қойған»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркітке алғыс білдірді
Ол Бүркіттің асқан сыйластығына тәнті болды.
Халық әртісі Мақпал Жүнісова өнердегі інісі Бүркіттің өзіне жасаған жақсылығын айтып, алғысын білдірді.
Өнер иесі жақындарымен мейрамханада тамақтанып отырғанда, есепшотты төлемек болған. Алайда даяшы дәл сол жерде отырған әнші Бүркіт алдын ала төлеп қойғанын айтқан.
Жүнісова бұл жайтқа қатты таңғалып, Бүркіттің асқан сыйластығына тәнті болды.
«Кешегі кештен Мерей екеуміз үйге керек заттарды алу үшін сауда орталығына бардық. Ол жерде біздің туғандар дақыдырып жүр екен. Содан ішіндегі бір кафеге отырып, кешкі ас ішіп, енді ақшасын төлейін десем «Бүркіт аға сіз үшін төлеп қойды» дейді. Үлкен рақмет, көңіл деген осы ғой. Отбасыңда әрдайым тек қуаныш, береке бола берсін. Ата-анаң аман болып, ғасыр тойын тойлауға Алла нәсіп етсін», - деп жазды әнші