406
Атырауда 12 жастағы оқушы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті
Қайғылы оқиға 9 қарашаға қараған түні болған.
Атырау облыстық полиция департаменті кәмелеттік жасқа толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жасөспірім қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады turkystan.kz сайты АқЖайық басылымна сілтеме жасап.
«Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын мұқият тексеріп, анықтап жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», - делінген хабарламада.
Қайғылы оқиға 9 қарашаға қараған түні болған. 12 жастағы қыз Binom мектеп-лицейінің оқушысы екені анықталды.