Ақтөбеде жедел жәрдем жүргізушісі әріптесінің үйін өртеп жіберді

Сотталушы кезекті еңбек демалысын бермегені үшін жанжалдасқан.

Ақтөбеде жедел жәрдем жүргізушісі әріптесінің үйін өртеп жіберді
istockphoto.com
355

Ақтөбеде жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі әріптесінің үйіне барып, от қойып кеткен. 

Іс Ақтөбе қаласының №2 сотында қаралды. Жедел жәрдем қызметінің жүргізушісіне Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша айып тағылды.

Жүргізуші от қою арқылы бөтеннің мүлкiн қасақана жойғаны үшін сот алдында жауап берді. Оқиға биыл шілде айында болды. Сотталушы жұмыс кезінде әріптесімен ұрысып қалады. Нақтыласақ, кезекті еңбек демалысын бермегені үшін жанжалдасады.

«Сотталушы пәтердің қосымша кілті бар екені есіне түсіп, жәбірленушінің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiрмек болады. Оның үйіне таксимен барып, өзінде болған қосымша кілтпен ашып кіріп, пәтер ішін аралайды. Кейін жатын бөлме есігінде ілініп тұрған шалбарды жағып кетеді. Оттықты ол ала барған. Сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен соттаушы кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жәбірленушінің талап арызы шығынның өтелуіне байланысты қанағаттандырылмады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»,- деп хабарлады Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары