Алматыда коммуналдық техниканы құрастыру цехы іске қосылды

Онда жылына 30 әмбебап Pony P4 машинасы, 50 су себу кешені, 30 қоқыс таситын машина өндіру жоспарланып отыр.

Алматыда коммуналдық техниканы құрастыру цехы іске қосылды
Алматы әкімдігі
124

Әуезов ауданында суару-жуу кешендері, қоқыс таситын машиналар, жол тазалайтын машиналар және асфальтта люктерді кесуге арналған арнайы жабдықтар сынды қалаға қызмет көрсететін көпфункционалды техникалар құрастырылып жатыр.

Цехтың жұмысымен Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында танысты.

Коммуналдық машиналар мен жабдықтарды құрастыру цехы Eurasia Special Machines (ESM) қазан айында іске қосылған болатын. Бұл жоба «Евразия СТ» компаниясының 3 млрд теңге инвестициясының арқасында жүзеге асырылып, 50 жұмыс орны ашылды.

Жылына 30 әмбебап Pony P4 машинасы, 50 су себу кешені, 30 қоқыс таситын машина және тағы да басқа техника өндіру жоспарланып отыр. «Алматы Тазалық» компаниясы қазірдің өзінде тротуар тазалауға арналған әмбебап машиналар мен жолдарды қысқы өңдеуге арналған жабдықтар сатып алды.

Ерболат Досаев қала көшелерін тазалауға арналған заманауи техниканың маңыздылығын атап, осы саладағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары