Бишімбаев жазасын қай қалада өтеп жатқаны белгілі болды

Адвокаттың айтуынша, бүгінде Бишімбаевқа түзеу мекемесіне баратын жалғыз адам – өзі.

Бишімбаев жазасын қай қалада өтеп жатқаны белгілі болды
Жоғарғы сот
1409

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов БАҚ-та пайда болған ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ғазымжановтың айтуынша, Бишімбаев Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеде.

«Ол бәрімен тең жағдайда отыр. Қалыпты жағдайда, ешқандай артықшылық жоқ», – деді Ғазымжанов.

Адвокаттың айтуынша, бүгінде Бишімбаевқа түзеу мекемесіне баратын жалғыз адам – өзі.

«Мұндай қауесеттер БАҚ-та фильм жарияланғаннан кейін тарады. Адамдар Бишімбаев түрмеде еместей, жазасын өтеп жатпағандай түсінсін деп, сөздерді құбылтқан. Менің ойымша, олар мұны әдейі жасады. Оның үстіне мекемеге, оған баратын жалғыз мен болсам да, мені сұхбатқа шақырған жоқ», – деп қосты қорғаушы.

Серіктес жаңалықтары