«Бәрі ажырасуға келіп тірелді»: Мөлдір Әуелбекова күйеуі қалай тастап кеткені туралы айтты

Әнші Дина Төлепбергенге берген сұхбатында біраз құпияның бетін ашты.

«Бәрі ажырасуға келіп тірелді»: Мөлдір Әуелбекова күйеуі қалай тастап кеткені туралы айтты
Ашық дереккөзден алынған
699

Танымал қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова күйеуімен келіспей, үйіне қайтып келгенде әкесі кіргізбей қойғанын, сол үшін күйеуі өзі тастап кеткенін күткенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бірінші некемде түсініспеушіліктер болды. Бірде Алматыға жұмыс сапармен келдім. Ата-анам Алматыда, біз Астанада тұратын кез. Сол аралықта баламның әкесімен арадағы жанжал үдеп кетті. Үйдегілерге "Мен күйеуімнен кетемін, осы жерде қаламын" дедім. Әкем рұқсат бермеді. "Бұл жерде қала алмайсың" деп үйге кіргізбей қойды. Алайда отбасыма қайтып барған күннің өзінде жағдай мен жанжал үдей түсті", - деді әнші жан сырын ақтарып. 

Оның айтуынша, Мөлдірді күйеуінің туыстары "қайтып келген қыз" деп кінәлапты.

"Әкемнің даналығын күйеуімнің туыстары түсінбеді. "Жексұрын болып, өзі қайтып келді. Қайтып келген қыз жаман" деп мені кінәлады. Соңында бәрі ажырасуға келіп тірелді. Мен өзім кетіп қалсам, әкем үйге кіргізбейтінін білдім. Жанжал болғанда кете алмайтынымды білдім. Бірақ бәріне шыдап, соңында өзі мені тастап кетті. Өзі тастап кеткен соң, әке-шешем қабылдайды ғой. Құшағын жайып қабылдады", - деді Мөлдір Әуелбекова. 

 

Серіктес жаңалықтары