Әйелін ұрып-соққан дипломат Сәкен Мамаштың ісі: тергеу қай сатыда?

Прокуратура дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық істің тергелу барысы туралы айтты.

Әйелін ұрып-соққан дипломат Сәкен Мамаштың ісі: тергеу қай сатыда?
korgau.astana
Автор
Админ
206

Астана қаласының Есіл ауданының Прокуратурасы тергеу әлі жалғасып жатқанын айтты.

«С.Т.Мамашқа қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы (Азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір қылмыстық процесті жүргізіп жатқан орган барлық қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деді ведомство.

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінде кеңесші қызметін атқаратын Сәкен Мамаштың әйелін үнемі соққыға жығатыны жайлы ақпарат алғаш рет «НеМолчи.kz» қорының парақшасында жарияланған болатын. Осы оқиғадан кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі дипломатты дереу елге шақыртқан.

Серіктес жаңалықтары