Бірнеше күрделі тапсырманы бір уақытта орындау мидың өзін-өзі бақылауға жауапты бөлігін әлсіретеді – зерттеу

Бірнеше күрделі тапсырманы бір уақытта орындау мидың өзін-өзі бақылауға жауапты бөлігін әлсіретеді – зерттеу
сурет: istockphoto.com
271

Ұзақ уақыт бойы бірнеше күрделі тапсырманы қатар орындау мидың өзін-өзі бақылауға жауапты бөлігін әлсіретеді.

Жаңа зерттеу нәтижесі бірнеше күрделі тапсырманы қатар орындау мидың өзін-өзі бақылауға жауапты аймақтарын әлсіретіп, адамды агрессивті және импульсивті мінез-құлыққа бейім ететінін көрсетті. Ғалымдардың айтуынша, бар болғаны 45 минут бойы миға күш түсіретін жұмыс (мысалы, есеп жазу, қоңырауларға жауап беру немесе жоспар құру) адамды ашуланшақ әрі шыдамсыз етеді.

Зерттеу "эгоның сарқылуы” теориясын растайды. Бұл теория бойынша, адамның ерік-жігері мен шешім қабылдау энергиясы шектеулі, ал оларды шамадан тыс пайдалану мидың психикалық резервтерін сарқып, өзін-өзі бақылау қабілетін төмендетеді. Нәтижесінде адамда ерік-жігері азайып, қателіктер мен орынсыз шешімдер қабылдау қаупі артады.

Серіктес жаңалықтары