Баян Алагөзова «Қазақ аруы» жобасының шығу тарихын айтты

Баян Алагөзова жобаны мүлдем жабу туралы ойы болғанын жасырмады.

Баян Алагөзова «Қазақ аруы» жобасының шығу тарихын айтты
сурет ашық дереккөзден алынды
341

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желі қолданушыларына «Қазақ аруы» байқауының қалай өмірге келгені туралы айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Баян Алагөзова 13 қараша күні байқаудың тікелей эфирі өтетінін хабарлады. «Қазақ аруы» атағына үміткерлерді осы жолы тек халық таңдайтын болады.

«Маған жоба туралы ой «Мисс Қазақстан» байқауында қазылар алқасының мүшесі болған кезде келді. Кештің жүргізушісі Ксения Собчак болды. Сол кезде кейбір олқылықтар мені ашуландырды. Біріншіден, бұл қыздардың өте ашық бикини киіп келгені еді. Әрине, әдемі денені көрсетілімге шығаруға болады, бірақ оны мүмкіндігінше жабық үлгіде де сүйкімді қылып ұсынуға болар еді. Сонымен қатар Ксения Собчактың байқау барысында қойған сұрақтары біздің жеке басымызға, мәдениетімізге де, менталитетімізге де қарама қайшы еді. Бұл мені қатты ашуландырды», - дейді Баян Алагөзова.

Сол сәттен бастап продюсер бірден қазақ қыздарының сұлулығын, ақылдылығын, талантын, тұлғасын дәріптейтін басқа байқау ұйымдастыру жөнінде ойлана бастаған.

«Биыл он төртінші байқау өткізгелі отырмын. Бәлкім, келесі жылы он бесінші байқау өтер. Ол туралы әлі ойлануым керек, себебі бұл байқау өте көп қаражат пен еңбекті қажет етеді», – дейді ол.

Баян Алагөзова жобаны мүлдем жабу туралы ойы болғанын да айтты.

Серіктес жаңалықтары