Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
istockphoto.com
145

14 қарашада бірқатар өңірде ауа райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

14 қарашада Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Астана қаласында 14 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Атырау қаласына түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

14 қарашада Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан асуы мүмкін.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жолдарда мұзтайғақ. Қонаев қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с. Петропавл қаласында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қаласында 14 қарашада күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

14 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында 14 қарашада кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Серіктес жаңалықтары