Ақтөбеде қайғылы жағдай болды

Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты

Ақтөбеде қайғылы жағдай болды
istockphoto.com
367

Ақтөбе қаласында жаяу жүргіншіні көлік қалып, артынша жүргізуші рөлге ие бола алмай қалды. Салдарынан өзге бір көлікке соқтығысты.

Ақтөбе қаласы Ақжар-2 елді мекенінде жол-көлік апаты болды. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. 

«13 қараша күні сағат 20:45 шамасында Ақтөбе қаласы Ақжар-2 елді мекені тұсында Лада Гранта маркалы көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Әрі қарай көлік бағытын өзгертіп, қарсы бетке шығып кетті. Сол кезде Лада Приора көлігімен соқтығысты. Екі жүргізуші ауруханаға түсті», — деді Ақтөбе облыстық ПД Патрульдік полиция командирі Айбар Меңдібайұлы.

Серіктес жаңалықтары