Полиция Лондонда теракт жасаған адамның есімін атады

Полиция Лондонда теракт жасаған адамның есімін атады

Полиция Лондонда теракт жасаған адамның есімін атады
ашық дереккөзі
181
Ұлыбритания парламентінің ғимараты алдында полиция қызметкеріне шабуылдап, тұрғындарды қаққан адамның есімі - Халид Масуд. Бұл туралы Лондон полициясы хабарлады.
Масуд 52 жаста болған, ол Уэст-Мидлендс ауданында тұрған. Масуд қару сақтап, адамдарға шабуыл жасағаны, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бірнеше мәрте сотталған. Олардың арасында терроризмге қатысты іс болмағаны хабарланды. Құқыққорғау органдары оның теракт жасайтынынан хабарсыз болған. 22 наурызда Вестминстер көпіріндегі Ұлыбритания парламенті ғимаратының алдында Масуд бірнеше адамды автокөлікпен қақты. Одан соң ол парламент алдында күзетте тұрған полиция қызметкеріне шабуылдады. Теракт салдарынан үш адам қаза тапты, 40 шақты адам жараланды. Теракт жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алды.

Серіктес жаңалықтары