«Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы анықталды

«Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы анықталды
сурет ашық дереккөзден алынды
502

Алматыда өткен «Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы ұйымдастырған «Қазақ аруы» сұлулық байқауының жеңімпазы Қызылорда облысының тумасы Ақкербез Ысқаққызы болды. 17 жастағы аруға дауыс берушілердің 30,04%-ы дауыс берген.

Марапаттау салтанаты кезінде «Қазақ аруы-2022» Аружан Бекболат бойжеткенге тәж тағып, үстіне белгілі дизайнер Аида Кауменованың арнайы шапаны жабылды.

Ақкербез Ысқаққызы жеңісінен кейін желіде жазба жариялап, өзін қолдаған жандарға алғысын айтты.

«Аллаға шүкір! Қолдаушыларым сіздерге шын жүректен мың алғыс айтамын. Сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз маған үлкен күш береді. Бірге бола отырып, алға қарай жетістікке жетеміз деп сенемін. Әрқайсыңыздың маңызыңыз зор», - деп пікір білдірді ару.

Байқаудың екінші орны Алматы қаласының атынан қатысқан Ақерке Серікжан (14,07%) ие болды. Ал үшінші орын алматылық ару Назерке Мырзағалиеваға (9,04%) бұйырды. 

Айта кетерлігі, осы жылы байқауға маңызды өзгеріс енгізілген. Бұл жолы жеңімпазды қазылар алқасы емес, халықтың өзі дауыс беру арқылы таңдаған.

Серіктес жаңалықтары