Павлодарда балалар үйіндегі жасөспірім қыз жүкті болып қалды

Орталықтың басшысы құқық қорғау органдарына арыз жазған

Павлодарда балалар үйіндегі жасөспірім қыз жүкті болып қалды
istockphoto.com
252

Павлодардағы балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісі жүкті болып қалды. Алайда ол жыныстық қатынасқа өзара келісіммен түскенін мойындады, деп хабарлайды turkystan.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Медициналық тексеруден өткен жаспірімнің жүктіліктің үшінші аптасында екені анықталды.

Қамқоршы – орталықтың басшысы құқық қорғау органдарына арыз жазды. Қызға психологиялық көмек көрсетілді, – деп мәлімдеді облыстық білім басқармасы.

Іс кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралды. Орталық басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қыз 16 жастан асқан. Келісім беретіндей жасқа толған. Заңға сәйкес, мұнда қылмыстық құқықбұзушылық та, қылмыстық іс қозғауға негіз де жоқ, – деді облыстық балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева.

Сондай-ақ кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің некеге тұрғаны белгілі болды. Жас отбасыға қажет қаржылай көмекті жігіттің ата-анасы өз мойнына алды.

Серіктес жаңалықтары